Шығыс Қазақстанда салық органы кәсіпкерлерге заңсыз айыппұл салған

Sputnik
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәсіпкерлерді ескіру мерзімі өтіп кеткен құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың жүйелі фактілерін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қадағалау органының ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер органдары бизнес субъектісін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымның жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Бірақ бұл құқық бұзушылық 2 жылдан кейін анықталып отыр. Ал Әкімішілкі құқық бұзушылық туралы кодексінің 62-бабы 1-бөлігіне сәйкес, құқық бұзушылық жасалған кезден бастап екі ай өткеннен кейін адамды әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды.
"Осыған байланысты Өскемен қаласының прокуратурасы мемлекеттік кіріс органының қаулысына наразылық енгізген. Наразылық қанағаттандырылды. Кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді", - дейді прокурорлар.
Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге қатысты тағы 56 заңсыз әкімшілік іс анықталды. Қазіргі кезде 19 наразылық қанағаттандырылды.
Ақтөбеде қайтарымсыз гранттан қағылған жас кәсіпкерлер шу шығарды