https://sputnik.kz/20230908/shygys-qazaqstanda-salyq-organy-kasipkerlerge-zansyz-ayyppul-salgan-38292331.html
Шығыс Қазақстанда салық органы кәсіпкерлерге заңсыз айыппұл салған
Шығыс Қазақстанда салық органы кәсіпкерлерге заңсыз айыппұл салған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәсіпкерлерді ескіру мерзімі өтіп кеткен құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік... 08.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-08T14:47+0500
2023-09-08T14:47+0500
2023-09-08T14:47+0500
шығыс қазақстан
прокуратура
жеке кәсіпкерлер
https://sputnik.kz/img/806/94/8069400_0:0:1503:845_1920x0_80_0_0_630bf223b3787b81e0c28fd5898f3f4d.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәсіпкерлерді ескіру мерзімі өтіп кеткен құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың жүйелі фактілерін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қадағалау органының ресми сайтына сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер органдары бизнес субъектісін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымның жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Бірақ бұл құқық бұзушылық 2 жылдан кейін анықталып отыр. Ал Әкімішілкі құқық бұзушылық туралы кодексінің 62-бабы 1-бөлігіне сәйкес, құқық бұзушылық жасалған кезден бастап екі ай өткеннен кейін адамды әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды."Осыған байланысты Өскемен қаласының прокуратурасы мемлекеттік кіріс органының қаулысына наразылық енгізген. Наразылық қанағаттандырылды. Кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді", - дейді прокурорлар.Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге қатысты тағы 56 заңсыз әкімшілік іс анықталды. Қазіргі кезде 19 наразылық қанағаттандырылды.
https://sputnik.kz/20230908/aqtobede-qaytarymsyz-granttan-qagylgan-zhas-kasipkerler-shu-shygardy-38284205.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/806/94/8069400_102:0:1435:1000_1920x0_80_0_0_0042ff5a4038334555742dd8ade2ae60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, прокуратура, жеке кәсіпкерлер
шығыс қазақстан, прокуратура, жеке кәсіпкерлер
Шығыс Қазақстанда салық органы кәсіпкерлерге заңсыз айыппұл салған
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәсіпкерлерді ескіру мерзімі өтіп кеткен құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың жүйелі фактілерін анықтады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қадағалау органының ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер органдары бизнес субъектісін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымның жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Бірақ бұл құқық бұзушылық 2 жылдан кейін анықталып отыр. Ал Әкімішілкі құқық бұзушылық туралы кодексінің 62-бабы 1-бөлігіне сәйкес, құқық бұзушылық жасалған кезден бастап екі ай өткеннен кейін адамды әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды.
"Осыған байланысты Өскемен қаласының прокуратурасы мемлекеттік кіріс органының қаулысына наразылық енгізген. Наразылық қанағаттандырылды. Кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді", - дейді прокурорлар.
Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге қатысты тағы 56 заңсыз әкімшілік іс анықталды. Қазіргі кезде 19 наразылық қанағаттандырылды.