https://sputnik.kz/20230908/aqtobede-qaytarymsyz-granttan-qagylgan-zhas-kasipkerler-shu-shygardy-38284205.html
Ақтөбеде қайтарымсыз гранттан қағылған жас кәсіпкерлер шу шығарды
Ақтөбеде қайтарымсыз гранттан қағылған жас кәсіпкерлер шу шығарды
Sputnik Қазақстан
Әкімдік қаражатты ұлттық жоба аясында жеңілдетілген кредит ретінде беруге шешім қабылдаған 08.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-08T07:29+0500
2023-09-08T07:29+0500
2023-09-08T07:30+0500
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/588/57/5885700_0:219:4288:2631_1920x0_80_0_0_14975280c32e663e5ea368598283bd5f.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде кәсібін жаңа бастағандар қайтарымсыз грант беру тоқтады деп шу шығарды. Бюджеттен тегін ақша алуға үміттенген жас кәсіпкерлер бұл бағдарлама өзге облыстардың бәрінде бар дейді.Әкімдік алдына жиналған жеке кәсіпкерлердің дені — қыз-келіншектер. Жыл басынан бері құжат жинап, жобамызды дайындадық деп ашынады. Бірақ биыл гранттың үлестірілмейтін естігенде салы суға кеткен, деп хабарлады КТК.Бұған дейін жеке кәсіпкерлерге бес миллион теңгеге дейін грант беруге қаржы республикалық қазынадан бөлетін. Сұрауы жоқ ақшаға жыл сайын талас-тартыс күшейіп, арты дауға айналып отырды.Биыл қаражат бөлу жергілікті биліктің мойнына жүктелген. Бірақ әкімдіктегілер грант таратудан кәсіпкерлік дамып кеткен жоқ дейді. Сондықтан биыл қазынадан бөлінген 40 миллион теңгені грантқа үлестіргенше, қайтарымы бар несие түрінде бергенді жөн деп шешкен."Анализ қорытындысына сәйкес грант алғандардың көбісі жұмыс істемей жатыр. Бұл тиімсіз болып шықты. Қаражатты ұлттық жоба аясында жеңілдетілген кредит ретінде береміз. Бұл ақша соған қарастырылды", - деп түсіндірді Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының бөлім бөлім басшысы Айбек Айтжанов.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/588/57/5885700_246:0:4043:2848_1920x0_80_0_0_120b11ce88c4cfc901d478d27defe531.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе
Ақтөбеде қайтарымсыз гранттан қағылған жас кәсіпкерлер шу шығарды
07:29 08.09.2023 (жаңартылды: 07:30 08.09.2023) Әкімдік қаражатты ұлттық жоба аясында жеңілдетілген кредит ретінде беруге шешім қабылдаған
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде кәсібін жаңа бастағандар қайтарымсыз грант беру тоқтады деп шу шығарды. Бюджеттен тегін ақша алуға үміттенген жас кәсіпкерлер бұл бағдарлама өзге облыстардың бәрінде бар дейді.
"Стартаптарға арналған ең керекті 5 миллионға дейінгі грантты бізден алып тастап отыр. Семей, Қарағанды, Тараз, барлық облыста беріліп жатыр. Тек қана Ақтөбеде жоқ. Бұл ақша қайда кетіп жатыр?", - дейді қала тұрғыны Ләйлә Жолдасқызы.
Әкімдік алдына жиналған жеке кәсіпкерлердің дені — қыз-келіншектер. Жыл басынан бері құжат жинап, жобамызды дайындадық деп ашынады. Бірақ биыл гранттың үлестірілмейтін естігенде салы суға кеткен, деп хабарлады
КТК.Бұған дейін жеке кәсіпкерлерге бес миллион теңгеге дейін грант беруге қаржы республикалық қазынадан бөлетін. Сұрауы жоқ ақшаға жыл сайын талас-тартыс күшейіп, арты дауға айналып отырды.
Биыл қаражат бөлу жергілікті биліктің мойнына жүктелген. Бірақ әкімдіктегілер грант таратудан кәсіпкерлік дамып кеткен жоқ дейді. Сондықтан биыл қазынадан бөлінген 40 миллион теңгені грантқа үлестіргенше, қайтарымы бар несие түрінде бергенді жөн деп шешкен.
"Анализ қорытындысына сәйкес грант алғандардың көбісі жұмыс істемей жатыр. Бұл тиімсіз болып шықты. Қаражатты ұлттық жоба аясында жеңілдетілген кредит ретінде береміз. Бұл ақша соған қарастырылды", - деп түсіндірді Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының бөлім бөлім басшысы Айбек Айтжанов.