АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Ресей мен Түркия Сириядағы жағдайды реттеу үшін көп жұмыс істеді, Астана форматы алаңын бекіту керек, деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөзде.
"Әрине, біз Сириядағы жағдай үшін көп нәрсе жасадық, бұл мәселенің Түркия Республикасы үшін қаншалықты сезімтал мәселе екенін білемін... Ең бастысы бізге Астана форматы алаңын бекіту керек", - деді Путин.
Ол келіссөздер барысында назар аударатын басқа да көптеген екіжақты және халықаралық мәселе бар екенін атап өтті.