Қазақстан Астана форматындағы кездесулерді өз алаңында қайта бастауға дайын – СІМ

© Sputnik / Санат ИмангалиевСирия бойынша 20-шы кездесудің пленарлық отырысы
Сирия бойынша 20-шы кездесудің пленарлық отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Қазақстан Астана форматындағы кездесулерді өз алаңында ізгі ниет ретінде қайта бастауға дайын, деп хабарлады еліміздің Сыртқы істер министрлігі.
"Егер Астана форматындағы Сирия бойынша халықаралық кездесулерге қатысушылар тарапынан Астана қаласында келіссөздерді жалғастыру туралы ортақ өтініш түскен жағдайда, Қазақстан басқа алаңдардағы келіссөздердің барысын және жалпы Сириядағы жағдайды ескере отырып, бұл процесті ізгі ниет әрекеті ретінде қайта бастау мүмкіндігін қарастыруға дайын", - деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша 20-шы кездесуді Астанада өтетін қорытынды басқосу деп тануды ұсынған болатын.
Ведомство Сирияның аймақтағы оқшауланудан біртіндеп шығуын бірлескен күш-жігердің табысты нәтижесі екенін атап өтті.
Сирия бойынша Астана форматындағы келіссөздердің 20-шы раундының пленарлық отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Астанада Сирия бойынша келіссөздердің қорытынды раунды өтті
Жаңалықтар
0