https://sputnik.kz/20230621/astanada-siriya-boyynsha-kelissozderdin-qorytyndy-raundy-otti-36217826.html
Астанада Сирия бойынша келіссөздердің қорытынды раунды өтті
Астанада Сирия бойынша келіссөздердің қорытынды раунды өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Қазақстан Сирия бойынша келіссөздердің Астана процесін осы жолғы 20-шы раундпен аяқтауды ұсынды. 21.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-21T14:22+0500
2023-06-21T14:22+0500
2023-06-21T14:22+0500
астанадағы сирия бойынша келіссөздер
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36214363_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_fa29832f64f6c132a249559d5b219f31.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Қазақстан Сирия бойынша келіссөздердің Астана процесін осы жолғы 20-шы раундпен аяқтауды ұсынды.Қазақстан СІМ басшысының орынбасары Қанат Тұмыштың айтуынша, Астанадағы бұл келіссөз Қазақстанның соңғы 6 жылдағы бітімгершілік әлеуетін көрсетті."Сирия халқы үшін осы қиын және тағдырлы кезеңде біз барлық қатысушының қосқан қомақты үлесін ерекше атап өтеміз. Біз ізгі ниет және бітімгершілік күш-жігердің арқасында жоғары мақсатқа қол жеткізілетініне сенімдіміз", - деп атап өтті спикер.Қанат Тұмыш Сириядағы жағдай түбегейлі өзгергенін атап өтті.Сирияны оқшаулаудың біртіндеп тоқтатылғаны Астана процесінің құрметті миссиясының сәтті орындалғанын білдіреді, деді СІМ басшысының орынбасары."Сирияның Араб отбасына оралуы – бұл үлкен жетістік. Астана процесі аясындағы кездесуді Сирия бойынша өткен 20 халықаралық кездесудің қорытынды раунды деп ресми түрде жариялауды ұсынамыз", - деп түйіндеді спикер.Айта кетері, Астанада Сирия бойынша келіссөздердің 20-раундының пленарлық отырысы өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/15/36214363_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_0c991fd1f6baa4d24b0ac013e6374db1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астанадағы сирия бойынша келіссөздер
астанадағы сирия бойынша келіссөздер
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Қазақстан Сирия бойынша келіссөздердің Астана процесін осы жолғы 20-шы раундпен аяқтауды ұсынды.
Қазақстан СІМ басшысының орынбасары Қанат Тұмыштың айтуынша, Астанадағы бұл келіссөз Қазақстанның соңғы 6 жылдағы бітімгершілік әлеуетін көрсетті.
"Сирия халқы үшін осы қиын және тағдырлы кезеңде біз барлық қатысушының қосқан қомақты үлесін ерекше атап өтеміз. Біз ізгі ниет және бітімгершілік күш-жігердің арқасында жоғары мақсатқа қол жеткізілетініне сенімдіміз", - деп атап өтті спикер.
Қанат Тұмыш Сириядағы жағдай түбегейлі өзгергенін атап өтті.
"Араб мемлекеттерінің Дамаскімен дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіруге дайындығы үлкен дәлел. Мұның айқын көрінісі – Сирияның Араб лигасына оралуы. Сонымен қатар біз Иран, Сирия, Түркия және Ресей Сыртқы істер министрліктері арасында өткен 20 халықаралық кездесу жемісті нәтиже берді", - деп жалғастырды Тұмыш.
Сирияны оқшаулаудың біртіндеп тоқтатылғаны Астана процесінің құрметті миссиясының сәтті орындалғанын білдіреді, деді СІМ басшысының орынбасары.
"Сирияның Араб отбасына оралуы – бұл үлкен жетістік. Астана процесі аясындағы кездесуді Сирия бойынша өткен 20 халықаралық кездесудің қорытынды раунды деп ресми түрде жариялауды ұсынамыз", - деп түйіндеді спикер.
Айта кетері, Астанада Сирия бойынша келіссөздердің 20-раундының пленарлық отырысы өтті.