Ресей Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Түркиямен ынтымақтастықты жоғары бағалайды – Путин

© Sputnik / Фотохост-агентство РИА Новости / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин   - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2023
Жазылу
Ресей Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Түркиямен ынтымақтастықты жоғары бағалайды – Путин
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Ресей мен Түркия Сириядағы жағдайды реттеу үшін көп жұмыс істеді, Астана форматы алаңын бекіту керек, деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөзде.
"Әрине, біз Сириядағы жағдай үшін көп нәрсе жасадық, бұл мәселенің Түркия Республикасы үшін қаншалықты сезімтал мәселе екенін білемін... Ең бастысы бізге Астана форматы алаңын бекіту керек", - деді Путин.
Ол келіссөздер барысында назар аударатын басқа да көптеген екіжақты және халықаралық мәселе бар екенін атап өтті.
Сирия бойынша 20-шы кездесудің пленарлық отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Қазақстан Астана форматындағы кездесулерді өз алаңында қайта бастауға дайын – СІМ
Жаңалықтар
0