АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр әлі де сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады, бұршақ та түсуі мүмкін.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр және ауа температурасының одан әрі төмендеуі болжанып отыр.
Әсіресе республиканың солтүстігінде күн қатты суытады, түнде ауа температурасы 5-10, күндіз 10-18 градус жылы болады.
Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы біртіндеп +25...+30 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.