https://sputnik.kz/20230821/zhetisu-oblysynda-noser-zhanbyrdan-su-astynda-qalgan-22-uy-suriledi-37822968.html
Жетісу облысында нөсер жаңбырдан су астында қалған 22 үй сүріледі
Жетісу облысында нөсер жаңбырдан су астында қалған 22 үй сүріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Жетісу облысының Ескелді ауданында елді мекендердегі 22 үй сүріледі, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. 21.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-21T12:05+0500
2023-08-21T12:05+0500
2023-08-21T12:05+0500
өңірлер
жетісу облысы
нөсер жауын
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0d/37628746_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_ce174ed123f1cdc5c0d7b20e7a7606a4.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Жетісу облысының Ескелді ауданында елді мекендердегі 22 үй сүріледі, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Әкімдіктің ақпаратынша, елді мекендердің көшелері мен аулаларды батпақ пен қоқыстан тазарту жұмыстары аяқталды. 200 тұрғын үй ауласы тазартылып, 200 тонна қоқыс шығарылды. ТЖ салдарын жою шараларына 400 адам, 50-ден астам техника тартылған болатын.Жергілікті билік органдары алдағы уақытта мұндай төтенше жағдайды болдырмау үшін канал арналарын тазалау, каналдың өткізу қабілетін ұлғайту жұмыстарын жүргізіп жатыр.Сондай-ақ жеті көшеде ұзындығы 12,7 шақырым автокөлік жолына орташа жөндеу жүргізіліп, төрт көшеде 4 шақырымға көшені жарықтандыру тіректері орнатылады.Материалдық шығынды есептеу толық аяқталғаннан кейін осы елді мекендердегі зардап шеккен тұрғындардың бәріне тиісті материалдық көмек көрсетіледі, деп сендірді облыстық әкімдіктегілер.Еске салсақ, 12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданында толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірнеше елді мекен су астында қалды. Құтқарушылар ауыл тұрғындарын эвакуациялады, үйлерін су басқан азаматтар мектепке орналастырылды.
https://sputnik.kz/20230813/zhetisu-oblysynda-su-basqan-auyldardyn-turgyndary-mektepke-ornalastyryldy-37629697.html
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0d/37628746_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_c7c9cdda27118641dee676fd28655c2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, нөсер жауын, тұрғын үй
жетісу облысы, нөсер жауын, тұрғын үй
Жетісу облысында нөсер жаңбырдан су астында қалған 22 үй сүріледі
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Жетісу облысының Ескелді ауданында елді мекендердегі 22 үй сүріледі, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Ескелді ауданындағы Ешкіөлмес және Абай ауылдарында жаңбыр суынан зардап шеккен үйлер толық тексеріліп, 89 үйге залал келтірілгені анықталды. Соның ішінде 22 үй апатты деп танылып, сүрілуге жатады деген қорытынды шығарылды. Қалған 67 үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Әкімдіктің ақпаратынша, елді мекендердің көшелері мен аулаларды батпақ пен қоқыстан тазарту жұмыстары аяқталды. 200 тұрғын үй ауласы тазартылып, 200 тонна қоқыс шығарылды. ТЖ салдарын жою шараларына 400 адам, 50-ден астам техника тартылған болатын.
Жергілікті билік органдары алдағы уақытта мұндай төтенше жағдайды болдырмау үшін канал арналарын тазалау, каналдың өткізу қабілетін ұлғайту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ жеті көшеде ұзындығы 12,7 шақырым автокөлік жолына орташа жөндеу жүргізіліп, төрт көшеде 4 шақырымға көшені жарықтандыру тіректері орнатылады.
Материалдық шығынды есептеу толық аяқталғаннан кейін осы елді мекендердегі зардап шеккен тұрғындардың бәріне тиісті материалдық көмек көрсетіледі, деп сендірді облыстық әкімдіктегілер.
Еске салсақ, 12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданында толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірнеше елді мекен су астында қалды. Құтқарушылар ауыл тұрғындарын эвакуациялады, үйлерін су басқан азаматтар мектепке орналастырылды.