Өңірлер

Қатты жел және жаңбыр: алдағы күндері ауа райы қандай болады

© AFP 2024 / Kazuhiro NOGIАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2023
Жазылу
Қазгидромет 31 тамыз – 2 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр әлі де сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады, бұршақ та түсуі мүмкін.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр және ауа температурасының одан әрі төмендеуі болжанып отыр.
Әсіресе республиканың солтүстігінде күн қатты суытады, түнде ауа температурасы 5-10, күндіз 10-18 градус жылы болады.
Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы біртіндеп +25...+30 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Жетісу облысында су басқан ауылдар - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2023
Өңірлер
Жетісу облысында нөсер жаңбырдан су астында қалған 22 үй сүріледі
Жаңалықтар
0