АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Биыл қаңтарда алтыншы қабаттан үстіне диван құлаған жігіт сал ауруына шалдыққан еді. Сегіз ай бойы өмір үшін күрескен 39 жастағы азамат бақилық болды, деп хабарлайды lada.kz.
Туысы ол ағасының 26 тамызда қайтыс болғанын айтады.
"Біз Германия, Ресейден мамандар шақырттық, өйткені Қазақстаннан бірде-бір дәрігер оны терісінің ойылуына байланысты қабылдамады. Біз көп жерге бардық", - деді ол.
Ағасы бұл оқиғаға кінәлі адам бар деп естейді, оның ойынша біраз нәрсе жасырын қалған.
Еске сала кетейік, қаңтарда Ақтаудың 11-ші шағын ауданда көп қабатты үйдің қасынан өтіп бара жатқан адамға үйдің жоғарғы қабатынан диван құлады. Ер адамға ота жасалды, алайда ол сал болып қалды.
Осы жылдың мамыр айында кінәлі әлі табылмағаны белгілі болды.