Өңірлер

Павлодарлық жиһаз бен тұрмыстық техниканы не үшін балконнан лақтырғанын түсіндірді

© Pixabay/WokandapixМужчина закрывает голову подушкой
Мужчина закрывает голову подушкой - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Жазылу
Бұл жағдай осыдан бірнеше күн бұрын Павлов көшесінде болған
ПАВЛОДАР, 25 мамыр-Sputnik. Жұбайына ренжіген павлодарлық төртінші қабаттың балконынан аулаға жиһаз бен тұрмыстық техниканы лақтырды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл жағдай осыдан бірнеше күн бұрын Павлов көшесінде болған.
"Кілем, креслолар мен тұрмыстық техниканың бәрін лақтырып жатыр", - деп полицияға қарама-қарсы үйдегі көршісі шағымданған.
Оқиға күндіз аулада адамдар, әсіресеғ балалар жүретін кезде болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Үйге тәртіп сақшылары барып, ер адамды сабасына түсірген. Ол полицейлерге бірге тұратын келіншекпен қарым-қатынасы бұзылғанын жеткізді.
Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес ("абаттандыру ережелерін бұзу") бойынша ескерту жасалды.
Полицейлер аяушылық танытқан болуы керек. Өйткені бұл бап бойынша оған 20 АЕК (61 260 теңге) айыппұл салынуы мүмкін еді.
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2021
Оқиға
Әйеліне келген SMS-ті көріп қойған ақтөбелік сот алдынан бір-ақ шықты
Жаңалықтар
0