Ақтауда үстіне диван құлаған ер адам көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2023
Жазылу
Туысы ол ағасының 26 тамызда қайтыс болғанын айтады
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Биыл қаңтарда алтыншы қабаттан үстіне диван құлаған жігіт сал ауруына шалдыққан еді. Сегіз ай бойы өмір үшін күрескен 39 жастағы азамат бақилық болды, деп хабарлайды lada.kz.
Туысы ол ағасының 26 тамызда қайтыс болғанын айтады.
"Біз Германия, Ресейден мамандар шақырттық, өйткені Қазақстаннан бірде-бір дәрігер оны терісінің ойылуына байланысты қабылдамады. Біз көп жерге бардық", - деді ол.
Ағасы бұл оқиғаға кінәлі адам бар деп естейді, оның ойынша біраз нәрсе жасырын қалған.
Еске сала кетейік, қаңтарда Ақтаудың 11-ші шағын ауданда көп қабатты үйдің қасынан өтіп бара жатқан адамға үйдің жоғарғы қабатынан диван құлады. Ер адамға ота жасалды, алайда ол сал болып қалды.
Осы жылдың мамыр айында кінәлі әлі табылмағаны белгілі болды.
Мужчина закрывает голову подушкой - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Өңірлер
Павлодарлық жиһаз бен тұрмыстық техниканы не үшін балконнан лақтырғанын түсіндірді
Жаңалықтар
0