АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Қазақстандағы балалар лагерлерін тексеру кезінде көптеген заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і уәкілетті органдардың рұқсатынсыз және санитарлық-эпидемиологиялық, өрт нормаларын бұза отырып жұмыс істеген.
"Әрбір екінші лагерьде ойын және спорт алаңдары қауіпсіздік талаптарына сай емес. Жатын бөлмелері күрделі жөндеуді қажет етеді. 4 балаға арналған бөлмелерде іс жүзінде 8 және одан да көп бала жатқан", - делінген қадағалау органының хабарламасында.
Қазақстандағы балалар лагерлерін тексеру кезінде көптеген заң бұзушылық анықталды
© Photo : Генпрокуратура Казахстана
Қонаевтағы "Бәйтерек" лагерінде бос уақыт пен оқу дұрыс ұйымдастырылмаған, "Қапшағай" су қоймасында шомылу кезінде балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген.
О нарушениях в работе детских лагерей рассказали в прокуратуре
© Photo : Генпрокуратура Казахстана
Сонымен қатар осы лагерьдің директоры мас күйінде жұмыс істеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша).
Жалпы Алматы облысындағы балалар жазғы лагерінің былығы әлеуметтік желідегі бейнежазбадан соң әшкере бола бастады. Ата-аналар ғимараттардың талапқа сай емес екенін айтып, дабыл қақты.
Қазақстандағы балалар лагерлерін тексеру кезінде көптеген заң бұзушылық анықталды
© Photo : Генпрокуратура Казахстана
Тіпті бір лагерь саунада орналасқан. Көп ұзамай Алматы білім басқармасына қарасты тағы бір балалар лагерінің былығы ашылды. Араға он күн салып, Қонаев қаласындағы "Бәйтерек" лагерінен де ши шықты.
Жанжалдан кейін Білім министрлігі осы саладағы бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауды және балалар лагерлерін лицензиялауды енгізуді ұсынды.