https://sputnik.kz/20230804/tort-adamdyq-bolmede-segiz-bala-zhatqan-eldegi-balalar-lagerleri-tekserildi-37291094.html
Төрт адамдық бөлмеде сегіз бала жатқан: елдегі балалар лагерлері тексерілді
Төрт адамдық бөлмеде сегіз бала жатқан: елдегі балалар лагерлері тексерілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Қазақстандағы балалар лагерлерін тексеру кезінде көптеген заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура. 04.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-04T18:15+0500
2023-08-04T18:15+0500
2023-08-04T18:15+0500
бас прокуратура
балалар
демалыс
https://sputnik.kz/img/07e7/08/04/37287771_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_72da848fa4d813f21667714002a3dd08.jpg
АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Қазақстандағы балалар лагерлерін тексеру кезінде көптеген заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і уәкілетті органдардың рұқсатынсыз және санитарлық-эпидемиологиялық, өрт нормаларын бұза отырып жұмыс істеген."Әрбір екінші лагерьде ойын және спорт алаңдары қауіпсіздік талаптарына сай емес. Жатын бөлмелері күрделі жөндеуді қажет етеді. 4 балаға арналған бөлмелерде іс жүзінде 8 және одан да көп бала жатқан", - делінген қадағалау органының хабарламасында.Қонаевтағы "Бәйтерек" лагерінде бос уақыт пен оқу дұрыс ұйымдастырылмаған, "Қапшағай" су қоймасында шомылу кезінде балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген.Сонымен қатар осы лагерьдің директоры мас күйінде жұмыс істеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша).Жалпы Алматы облысындағы балалар жазғы лагерінің былығы әлеуметтік желідегі бейнежазбадан соң әшкере бола бастады. Ата-аналар ғимараттардың талапқа сай емес екенін айтып, дабыл қақты.Тіпті бір лагерь саунада орналасқан. Көп ұзамай Алматы білім басқармасына қарасты тағы бір балалар лагерінің былығы ашылды. Араға он күн салып, Қонаев қаласындағы "Бәйтерек" лагерінен де ши шықты.Жанжалдан кейін Білім министрлігі осы саладағы бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауды және балалар лагерлерін лицензиялауды енгізуді ұсынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/04/37287771_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_6b3ce69024a4a3c73535824062885a6f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, балалар, демалыс
бас прокуратура, балалар, демалыс
Төрт адамдық бөлмеде сегіз бала жатқан: елдегі балалар лагерлері тексерілді
АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Қазақстандағы балалар лагерлерін тексеру кезінде көптеген заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і уәкілетті органдардың рұқсатынсыз және санитарлық-эпидемиологиялық, өрт нормаларын бұза отырып жұмыс істеген.
"Әрбір екінші лагерьде ойын және спорт алаңдары қауіпсіздік талаптарына сай емес. Жатын бөлмелері күрделі жөндеуді қажет етеді. 4 балаға арналған бөлмелерде іс жүзінде 8 және одан да көп бала жатқан", - делінген қадағалау органының хабарламасында.
Қонаевтағы "Бәйтерек" лагерінде бос уақыт пен оқу дұрыс ұйымдастырылмаған, "Қапшағай" су қоймасында шомылу кезінде балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген.
Сонымен қатар осы лагерьдің директоры мас күйінде жұмыс істеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша).
Жалпы Алматы облысындағы балалар жазғы лагерінің былығы әлеуметтік желідегі бейнежазбадан соң әшкере бола бастады. Ата-аналар ғимараттардың талапқа сай емес екенін айтып, дабыл қақты.
Тіпті бір лагерь саунада
орналасқан. Көп ұзамай Алматы білім басқармасына қарасты тағы бір балалар лагерінің былығы ашылды. Араға он күн салып, Қонаев қаласындағы "Бәйтерек" лагерінен де
ши шықты.
Жанжалдан кейін Білім министрлігі осы саладағы бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауды және балалар лагерлерін лицензиялауды енгізуді ұсынды.