Өңірлер

Саунадағы балалар лагері: Алматы білім басқармасы жауапсыз мамандарды сотқа береді

© Photoбалалар лагері
балалар лагері - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Алматы қаласының білім басқармасы балалар демалысын дұрыс ұйымдастырмаған жауапсыз қызмет көрсетушілермен соттасады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің айтуынша, қызмет көрсетуші "БелРичи" компаниясы жауапсыз жеткізуші деп танылды, енді аталған компанияға мемлекеттік сатып алуға қатысуға тыйым салынады. Бұл туралы талап-арыз дайындалып жатыр.
"13 шілдеде "Арман дала" саяжай лагерінде балалар демалысын ұйымдастыру туралы шарт жасалған. 15 шілдеде білім басқармасының қызметкерлерімен бірге демалушылардың алғашқы легі барған. Тиісті талаптардың бұзылу фактілері анықталған кезде балаларды үйлеріне апару процесі шұғыл түрде басталды. Қазіргі уақытта лагерьде балалар жоқ. Жақын арада олар ережелер қатаң сақталатын лагерьлерге жіберілетін болады", - дейді қалалық әкімдік.
Қызмет көрсетушімен қолданыстағы шарт бұзылады, сондай-ақ осы компанияның басқа мемлекеттік сатып алуға қатысуына жол бермеу үшін жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап арыз беріледі.
"Білім басқармасының жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды. Қазіргі уақытта білім басқармасы қоғамдық кеңеспен бірлесіп жұмыс тобын құрды, оның құрамына ата-аналар қоғамдастығының, қалалық прокуратураның және барлық мүдделі органдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобы аясында барлық қала сыртындағы лагерьлер тексеріледі", - дейді ведомство.
Жұмыс тобы қала маңындағы лагерьлерге жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы үнемі есеп береді.
Питание в школьных столовых Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2023
"Қатқан нан жеп, ашыған ас ішкен": Түркістан облысындағы лагерь жұмысы тексеріледі
Жаңалықтар
0