https://sputnik.kz/20230614/qatqan-nan-zhep-ashygan-as-ishken-turkistan-oblysyndagy-lager-zhumysy-tekseriledi-35958662.html
"Қатқан нан жеп, ашыған ас ішкен": Түркістан облысындағы лагерь жұмысы тексеріледі
"Қатқан нан жеп, ашыған ас ішкен": Түркістан облысындағы лагерь жұмысы тексеріледі
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Түркістан облысы Састөбе ауылындағы "Арман" балалар лагеріне жүргізілген тексеріс аяқталды, деп хабарлайды Хабар 24. 14.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-14T21:04+0500
2023-06-14T21:04+0500
2023-08-09T09:58+0500
түркістан облысы
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32553774_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_e06cb8f4b5a3cae13f5497cb77556794.jpg
АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Түркістан облысы Састөбе ауылындағы "Арман" балалар лагеріне жүргізілген тексеріс аяқталды, деп хабарлайды Хабар 24."Бірақ әлеуметтік желіде тараған видеода айтылғандай, балалардың қатқан нан жеп, ашыған тамақ ішкені және тәрбиешілерден қысым көргені анықталмады", - дейді мамандар. Бірақ кей ата-ана нанның қатыңқырап қалғаны мен жатын жайдағы аяқ-киім қойғыштардың дұрыс орналаспағаны жөнінде айтады. Сондықтан бақылауды дұрыс жүргізбегені үшін Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы мен адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие ісі жөніндегі бөлім басшысына қатаң сөгіс берілді. Қазір ата-аналардың өтінішімен осы демалыс орнындағы 600 баланың 410-ы үйіне қайтарылған. Қазір оларға басқа демалыс лагерлерінен орын ұсынылып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін 8 маусым күні әлеуметтік желіде жылап, үйлеріне қайтаруды сұраған балалардың видеосы тараған еді. "Ас мәзіріндегі кемшіліктер болатын болса, осыны анықтау мақсатында біз ТО санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау депаратментіне біз арнайы хат жолдаған болатынбыз. Осы мәселені тексеру жөнінде. Қазір сол мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Ата-аналар тарапынан жекелей шағымдар болған жоқ. Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратыушыларды біз аранайы шағым жасайтын боламыз. Оларға тиісті деңгейде шара қолдануға ұсынамыз", - дейді адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаев.
https://sputnik.kz/20230612/nan-tamaq-turkistan-oblysynda-ata-analar-lager-35878683.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32553774_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_2b9f736c32638060418a1b6080ff57ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, оқушы
"Қатқан нан жеп, ашыған ас ішкен": Түркістан облысындағы лагерь жұмысы тексеріледі
21:04 14.06.2023 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Түркістан облысы Састөбе ауылындағы "Арман" балалар лагеріне жүргізілген тексеріс аяқталды, деп хабарлайды
Хабар 24. "Бірақ әлеуметтік желіде тараған видеода айтылғандай, балалардың қатқан нан жеп, ашыған тамақ ішкені және тәрбиешілерден қысым көргені анықталмады", - дейді мамандар.
Бірақ кей ата-ана нанның қатыңқырап қалғаны мен жатын жайдағы аяқ-киім қойғыштардың дұрыс орналаспағаны жөнінде айтады. Сондықтан бақылауды дұрыс жүргізбегені үшін Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы мен адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие ісі жөніндегі бөлім басшысына қатаң сөгіс берілді.
Қазір ата-аналардың өтінішімен осы демалыс орнындағы 600 баланың 410-ы үйіне қайтарылған. Қазір оларға басқа демалыс лагерлерінен орын ұсынылып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін 8 маусым күні әлеуметтік желіде жылап, үйлеріне қайтаруды сұраған балалардың видеосы тараған еді.
"Ас мәзіріндегі кемшіліктер болатын болса, осыны анықтау мақсатында біз ТО санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау депаратментіне біз арнайы хат жолдаған болатынбыз. Осы мәселені тексеру жөнінде. Қазір сол мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Ата-аналар тарапынан жекелей шағымдар болған жоқ. Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратыушыларды біз аранайы шағым жасайтын боламыз. Оларға тиісті деңгейде шара қолдануға ұсынамыз", - дейді адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаев.