Ақкенттегі өрт: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат жариялады

Sputnik
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Алматының "Ақкент" шағын ауданындағы өрт кезінде барлығы 49 адам зардап шекті. Ауруханада бес адам жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, екі ересек адамның жағдайы орташа ауыр, бірақ тұрақты. Үш баланың да жағдайы қалыпты.
"Жансақтау бөлімінде және аппаратта жатқан жағдайы ауыр балалар жоқ", - дейді дәрігерлер.
Айта кетері, 1 тамызда Ақкент шағын ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Адамдар балконнан балаларын лақтырып, артынан өздері де секірген. Бір әйел ауыр жарақат алып, қайтыс болды. Екі адам жансақтау бөліміне жеткізілген. Құтқарушылардың айтуынша, марқұмды аман алып қалуға болатын еді. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.