https://sputnik.kz/20230801/almatyda-turgyn-uyden-ort-shygyp-adamdar-terezeden-sekirdi-37218154.html
"Әйелдер балаларын терезеден лақтырған": Алматыда тұрғын үйден өрт шықты
"Әйелдер балаларын терезеден лақтырған": Алматыда тұрғын үйден өрт шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 30-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 01.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-01T19:00+0500
2023-08-01T19:00+0500
2023-08-01T19:26+0500
алматы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37217253_0:539:2048:1691_1920x0_80_0_0_80f6aa92c13d2dab0eaf9fba587801c3.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 30-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Өртенген үйдің видеосы желіде тарады. Видеодан бас сауғалаған адамдардың ғимараттың терезелерінен секіргенін байқауға болады.ТЖД хабарлауынша, өрт Ақкент ықшам ауданы, 54 үйден шыққан.16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерлері ашық отқа оранған. Сондай-ақ 5 және 6-қабаттағы лифттің электр кабельдері өртенді.Ауруханаға 31 адам жеткізілді, оның 16-сы балалар. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, көз жұмғандар жоқ.ТЖД көмегімен 80 адам құтқарылып, 200-ден астам тұрғын эвакуацияланды."Өте сұмдық болды. Адамдар шыңғырып терезеден секірді. Әйелдер балаларын лақтырды", - дейді тұрғындар. Өртенген үйге ең бірінші болып үй маңында жұмыс істеп жүрген құрылысшылар келген. Дереу кілем, көрпе тасып секірушілерге жағдай жасаған. "Бірінші қабаттағы бір терезені шағып, ішінен көрпе, матрац алып шықтық. Адамдардың үрейі ұшып кетті", - дейді құтқаруға қатысқан тұрғындардың бірі Жанайдар.Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің бастығы Айдар Сқабаевтың айтуынша, секіргені, ысқа уланғаны бар, барлығы 30-дан астам адам ауруханаға жеткізілді. Саны әлі нақтыланып жатыр.Өрт сөндірушілер тұрғын үйде өрескел заңбұзушылық болғанын айтады. Ертең өрт болған үйдегі кемшіліктерге ТЖД тексеру жүргізеді.Тұрғын үй балкондарындағы өрт баспалдақтарын тұрғындар бітеп тастаған. Өрт сөндіру көліктері кіре алмаған. Өйткені жекеменшік машиналардан өту мүмкін емес.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37217253_0:347:2048:1883_1920x0_80_0_0_cd78f6282cedce2482c305215e7e50e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, өрт
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 30-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өртенген үйдің видеосы желіде тарады. Видеодан бас сауғалаған адамдардың ғимараттың терезелерінен секіргенін байқауға болады.
ТЖД хабарлауынша, өрт Ақкент ықшам ауданы, 54 үйден шыққан.
16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерлері ашық отқа оранған. Сондай-ақ 5 және 6-қабаттағы лифттің электр кабельдері өртенді.
Ауруханаға 31 адам жеткізілді, оның 16-сы балалар. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, көз жұмғандар жоқ.ТЖД көмегімен 80 адам құтқарылып, 200-ден астам тұрғын эвакуацияланды.
"Өте сұмдық болды. Адамдар шыңғырып терезеден секірді. Әйелдер балаларын лақтырды", - дейді тұрғындар.
Өртенген үйге ең бірінші болып үй маңында жұмыс істеп жүрген құрылысшылар келген. Дереу кілем, көрпе тасып секірушілерге жағдай жасаған.
"Бірінші қабаттағы бір терезені шағып, ішінен көрпе, матрац алып шықтық. Адамдардың үрейі ұшып кетті", - дейді құтқаруға қатысқан тұрғындардың бірі Жанайдар.
Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің бастығы Айдар Сқабаевтың айтуынша, секіргені, ысқа уланғаны бар, барлығы 30-дан астам адам ауруханаға жеткізілді. Саны әлі нақтыланып жатыр.
Өрт сөндірушілер тұрғын үйде өрескел заңбұзушылық болғанын айтады. Ертең өрт болған үйдегі кемшіліктерге ТЖД тексеру жүргізеді.
Тұрғын үй балкондарындағы өрт баспалдақтарын тұрғындар бітеп тастаған. Өрт сөндіру көліктері кіре алмаған. Өйткені жекеменшік машиналардан өту мүмкін емес.