Балконнан секіріп кеткен әйелді аман алып қалуға болар еді – құтқарушылар

© Sputnik / Айдана ДайыроваПожар в Аккенте
Пожар в Аккенте - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. "Ақкент" шағын ауданында болған өрт кезінде балконнан секірген әйелді құтқаруға болар еді. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратменті бастығының міндетін орындаушы Ерлан Әлібеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, өрт кезінде адамдар қатты үрейленіп, арты дүрбелеңге ұласқан. Тұрғындар балаларын балконнан лақтырып жіберген, артынан өздері де секіріп кеткен. Алайда үйдің сыртында қатты түтін байқалмаған. Балконда барлық тесікті бітеп, отыруға болар еді. Ол жерде таза ауа да бар. Қаза болған әйелді де құтқаруға мүмкіндік болған.

"Ол уақытта біздің құтқарушыларымыз жақындап қалған. Олар 20 секунд күте тұрғанда алып шығатын едік. Өрт сөндірушілер есікті бұзып кіргенде анасы болған. Оған құтқару қалпағын кигізіп, алып шықты. Сол кезде екі қыз секіріп кетті. Сәл күте тұрғанда оларды да құтқаратын еді", - деді Әлібеков арнайы брифингте.

Төтенше жағдай кезінде балконнан секірген бір әйел ауыр жарақат алып, қайтыс болды. Ал оның әпкесі ауруханаға түсті. Сол кезде үйде анасы да болған. Ол сыртта құтқарушылар бар деп ойлады.
"Өрттің ішінде анасы да болды. Анасымен кеше сөйлестік. Үлкен кісі екен. " Мен өзім қыздарыма жасым үлкен, секіре алмаймын дедім, астында құтқарушылар бар, сендер балконнан секіріңдер" деп айтқан екен. Содан кішкентай бала бар, екі қызы секіргеннен кейін біздің құтқарушылар есікті бұзып кірген", - деді Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің бастығы Айдар Сқабаев бүгінгі брифингте.
"Ашығын айту керек, сол жерде өрт сөндіру жетекшісіне көп адам кедергі жасады. Бірінші автоцистерна келгенде адамдар жүгіріп келіп, менің баламды құтқар, менің үйімді құтқар деп, бәрі жан-жақтан жұлмалаған. Балконнан да айқайлап тұрған адам көп болды. Соған қарамастан, өрт сөндіру жетекшісі өз адамдарын баспалдақпен үйге кіргізген, ары қарай олар әрбір үйдің есігін бұзып, адам құтқарған", - деп атап көрсетті Сқабаев.
Оның айтуынша, құтқарушылар әжеге құтқару қалпағын кигізіп, баспалдақпен алып шыққан.
Қайтыс болған әйелдің отбасына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев көңіл айтқан болатын.
Застройщик восстановит квартиры в многоэтажке Аккента, пострадавшей от пожара - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2023
Ақкенттегі үйдің өрт қауіпсіздігі талаптарын тексере алмаймыз - ТЖД
Жаңалықтар
0