Дәрігерлер Ақкенттегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Sputnik
АЛМАТЫ, 2 тамыз – Sputnik. Алматы қаласы Ақкент шағын ауданындағы көпқабатты үйде болған өрттен зардап шеккендердің ішінде екі ересек адам мен бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Бүгін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиева Алатау ауданы Ақкент ықшам ауданы 54-үйдегі өрттен зардап шеккендер түскен ауруханаларды аралады.
Оның айтуынша, өрттен барлығы 49 адам зардап шеккен, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды: екі ересек адам және 15 бала. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қалғаны ауруханаға жатудан бас тартты. 17 ересек адам мен 14 бала тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді.
Ауруханаға жатқызылған ересектердің екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуі –35 жастағы әйел. Ол биіктен құлап, көптеген жарақат алған, иіс тиген. Екіншісі - ауыр бас-ми жарақатын алған 19 жастағы қыз.
Жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы тұрақты.
Өрт кезінде қаза тапқан жалғыз адам да құлау кезінде алған бірнеше жарақаттарын тіркеді.
1992 жылы туған бір әйел алған ауыр жарақаттарынанан қайтыс болды.
Балконнан секіріп кеткен әйелді аман алып қалуға болар еді – құтқарушылар