https://sputnik.kz/20230802/darigerler-aqkenttegi-ortten-zardap-shekkenderdin-zhagdayy-turaly-aytty-37236609.html
Дәрігерлер Ақкенттегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Дәрігерлер Ақкенттегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 тамыз – Sputnik. Алматы қаласы Ақкент шағын ауданындағы көпқабатты үйде болған өрттен зардап шеккендердің ішінде екі ересек адам мен бір бала... 02.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-02T13:46+0500
2023-08-02T13:46+0500
2023-08-02T13:46+0500
алматы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37220595_0:122:1280:842_1920x0_80_0_0_3156d0b287cb4653ba5d2295a00d3a36.jpg
АЛМАТЫ, 2 тамыз – Sputnik. Алматы қаласы Ақкент шағын ауданындағы көпқабатты үйде болған өрттен зардап шеккендердің ішінде екі ересек адам мен бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.Бүгін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиева Алатау ауданы Ақкент ықшам ауданы 54-үйдегі өрттен зардап шеккендер түскен ауруханаларды аралады.Оның айтуынша, өрттен барлығы 49 адам зардап шеккен, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды: екі ересек адам және 15 бала. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қалғаны ауруханаға жатудан бас тартты. 17 ересек адам мен 14 бала тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді.Ауруханаға жатқызылған ересектердің екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуі –35 жастағы әйел. Ол биіктен құлап, көптеген жарақат алған, иіс тиген. Екіншісі - ауыр бас-ми жарақатын алған 19 жастағы қыз.Жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы тұрақты.Өрт кезінде қаза тапқан жалғыз адам да құлау кезінде алған бірнеше жарақаттарын тіркеді.1992 жылы туған бір әйел алған ауыр жарақаттарынанан қайтыс болды.
https://sputnik.kz/20230802/balkonnan-sekirgen-ayeldi-qutqaruga-bolar-edi--qutqarushylar-37234498.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/01/37220595_0:2:1280:962_1920x0_80_0_0_202ff58961d4217ecbd5f5c5dfd75ebf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, өрт
Дәрігерлер Ақкенттегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
АЛМАТЫ, 2 тамыз – Sputnik. Алматы қаласы Ақкент шағын ауданындағы көпқабатты үйде болған өрттен зардап шеккендердің ішінде екі ересек адам мен бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Бүгін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиева Алатау ауданы Ақкент ықшам ауданы 54-үйдегі өрттен зардап шеккендер түскен ауруханаларды аралады.
Оның айтуынша, өрттен барлығы 49 адам зардап шеккен, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды: екі ересек адам және 15 бала. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қалғаны ауруханаға жатудан бас тартты. 17 ересек адам мен 14 бала тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді.
Ауруханаға жатқызылған ересектердің екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуі –35 жастағы әйел. Ол биіктен құлап, көптеген жарақат алған, иіс тиген. Екіншісі - ауыр бас-ми жарақатын алған 19 жастағы қыз.
Жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы тұрақты.
Өрт кезінде қаза тапқан жалғыз адам да құлау кезінде алған бірнеше жарақаттарын тіркеді.
1992 жылы туған бір әйел алған ауыр жарақаттарынанан қайтыс болды.