Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Sputnik
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевке телефон соқты, деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.
"Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық және толағай табыс тіледі", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі сондай-ақ әңгімелесушілер екі елдің тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Тоқаев Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады