Тоқаев Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады

© Қазақстан президентінің баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Өзбекстан президентінің екі ел арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, тату көршілік және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды.
Флаг Египта - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2023
Тоқаев Мысыр президентін Революция күнімен құттықтады
Жаңалықтар
0