Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

© Photo : пресс-служба ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевке телефон соқты, деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.
"Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық және толағай табыс тіледі", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі сондай-ақ әңгімелесушілер екі елдің тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Тоқаев Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады
Жаңалықтар
0