АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 27 жастағы турист қыз тауға шығып келе жатып, аттан құлаған. Жарақат алып, есінен танып қалған, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 22 шілдеде болған. Департаменттің мәліметінше, 1996 жылы туған қыз тауға шығып келе жатқан кезде аттан құлап, жарақат алған. Есінен танып қалған.
Құтқару бөлімшелерінің көмегімен Қатонқарағай ауданының дәрігерлері Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына жедел ұшып барды.
Әуе кемесімен келген медициналық мекеменің мамандары турист қыздың оң иығының төменгі үштен бір бөлігі сынғанын анықтады. Қызды тікұшақпен Қатонқарағай ауылының ауданаралық ауруханасына жеткізді.