НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Павлодар облысында жазатайым оқиға болды. Кәмелетке толмаған бала аттан құлап көз жұмды.
Өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 16 маусым 02:15-те Павлодар қаласының полициясына ауруханалардың бірінде кәмелетке толмаған бала қайтыс болғаны туралы хабар түскен.
Анықталғандай, Ақтоғай ауданының Балтасап ауылында кәмелетке толмаған бала аттан құлаған. Оны көрген куәгерлер бар.
Тағы оқыңыз: Шығыс Қазақстанда ауладағы құдыққа құлап кеткен екі бала көз жұмды
Трагедия 15 маусым күндіз болды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.