https://sputnik.kz/20230723/shygys-qazaqstanda-tauga-shyqpaq-bolgan-turist-attan-qulap-zharaqat-aldy--36942814.html
Шығыс Қазақстанда тауға шықпақ болған турист аттан құлап, жарақат алды
Шығыс Қазақстанда тауға шықпақ болған турист аттан құлап, жарақат алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 27 жастағы турист қыз тауға шығып келе жатып, аттан құлаған. Жарақат алып, есінен танып қалған, деп... 23.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-23T10:56+0500
2023-07-23T10:56+0500
2023-07-23T11:05+0500
шығыс қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e5/06/18/17435637_0:280:1281:1000_1920x0_80_0_0_d5bdbc412272f25ede04842a2754a7ad.jpg
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 27 жастағы турист қыз тауға шығып келе жатып, аттан құлаған. Жарақат алып, есінен танып қалған, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.Оқиға 22 шілдеде болған. Департаменттің мәліметінше, 1996 жылы туған қыз тауға шығып келе жатқан кезде аттан құлап, жарақат алған. Есінен танып қалған.Құтқару бөлімшелерінің көмегімен Қатонқарағай ауданының дәрігерлері Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына жедел ұшып барды.Әуе кемесімен келген медициналық мекеменің мамандары турист қыздың оң иығының төменгі үштен бір бөлігі сынғанын анықтады. Қызды тікұшақпен Қатонқарағай ауылының ауданаралық ауруханасына жеткізді.
https://sputnik.kz/20210617/Pavlodar-oblysy-bala-17368038.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/18/17435637_0:160:1281:1120_1920x0_80_0_0_5df7e3885485715fbf8a34557ad79cbf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан
Шығыс Қазақстанда тауға шықпақ болған турист аттан құлап, жарақат алды
10:56 23.07.2023 (жаңартылды: 11:05 23.07.2023) АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 27 жастағы турист қыз тауға шығып келе жатып, аттан құлаған. Жарақат алып, есінен танып қалған, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 22 шілдеде болған. Департаменттің мәліметінше, 1996 жылы туған қыз тауға шығып келе жатқан кезде аттан құлап, жарақат алған. Есінен танып қалған.
Құтқару бөлімшелерінің көмегімен Қатонқарағай ауданының дәрігерлері Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына жедел ұшып барды.
Әуе кемесімен келген медициналық мекеменің мамандары турист қыздың оң иығының төменгі үштен бір бөлігі сынғанын анықтады. Қызды тікұшақпен Қатонқарағай ауылының ауданаралық ауруханасына жеткізді.