АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысады, деп хабарлайды Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 18-19 шілдеде "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады", - делінген Ақорда хабарламасында.
Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.