Тоқаев Корея президентіне көңіл айтты

© Sputnik / Владислав ВодневФлаги Казахстана и Кореи
Флаги Казахстана и Кореи - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Табиғат апаты салдарынан болған орны толмас қайғыға ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез арада сауығуын, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.
Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда нөсер жауын салдарынан 32 адам қаза тапты, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалған.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 211 жол, сондай-ақ 20 ұлттық саябақта жаяу жүргіншілер жолы жабылды.
Жүрдек және тұрақты пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. 6 мың адам эвакуациялық орталықтардан үйіне қайта алмай отыр.
Жаңалықтар
0