Тоқаев Сауд Арабиясында өтетін саммитке қатысады

© Sputnik / Абзал КалиевПриспущенный флаг, Акорда
Приспущенный флаг, Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысады, деп хабарлайды Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 18-19 шілдеде "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады", - делінген Ақорда хабарламасында.
Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.
Флаги Казахстана и Кореи - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2023
Тоқаев Корея президентіне көңіл айтты
Жаңалықтар
0