Абай облысында тағы да өрт шықты

Sputnik
АСТАНА, 3 шілде - Sputnik. Абай облысы Көкпекті ауданындағы қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Тілсіз жау Үлгілі малшы ауылынан 50 шақырым жерде болып жатыр. Өрт туралы хабарлама 2 шілде сағат 11:00 шамасында жергілікті атқарушы органдардан түскен. Өрттен аузы күйген абайлық мамандар оқиға орнына бұл жолы дереу жеткен.
"Қазіргі уақытта өртшамамен 200 гектар аумақты шарпыған. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп нақтылады облыстың төтенше жағдайлар департаменті.
Үлгілі малшы әкімдігінің мәліметінше, өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдарының күштері мен құралдарын тартудың қажет жоқ.
Еске сала кетейік, 8 маусымда болған өрт Абай облысының 60 мың гектар орман алқабын шарпыды.
Өрттен "Семей орманы" резерваты Жаңа Шүлбі филиалының 14 қызметкері қаза тауып, кейін тағы бір орманшының денесі табылды.
Бас прокуратура Абай облысындағы өрт туралы іс бойынша "Семей-Орманы" резерватының басшылығы күдікке ілінгенін мәлімдеді.
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы өрт: қаза болған орманшылардың туыстары жанайқайын жеткізді