Последствия лесных пожаров в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Абай облысындағы орман өрті

Абай облысындағы өрт: "Семей-Орманы" мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы үй қамаққа алынды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаТушение пожара в области Абай
Тушение пожара в области Абай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті фактілерін тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында "Семей-Орманы" резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы күдікті ретінде танылды.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2023 жылғы 1 шілдеде олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) сараланған.

"Олардың жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, оларға "үй қамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ бас прокуратура өрттің барлық ықтимал нұсқалары пысықталып жатқанын атап өтті. Олардың арасында қасақана өртеу, табиғатта ақаулы техниканы пайдалану, найзағай разряды және басқалары да бар.
Тексеру нәтижелері бойынша төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар министрліктерінің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне/әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі.
Еске сала кетейік, Абай облысындағы алапат өрттен қызметтік борышын орындау кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.
Кейіннен 15-адамның – тракторшы Сергей Архиповтің қайтыс болғаны белгілі болды. Ол өрт сөндіруге көмектесу үшін өз көлігімен барған. Сараптама қорытындысы жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын көрсетті.
Абай облысындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2023
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы өрт төтенше жағдайлар саласындағы проблеманы ашық көрсетті – сенатор
Жаңалықтар
0