https://sputnik.kz/20230629/semey-ormanyndagy-ort-tekserushilerdin-koligi-quzhatpen-birge-qalay-zhanyp-ketken-36423707.html
Семей орманындағы өрт: тексерушілердің көлігі құжатпен бірге қалай жанып кеткен
Семей орманындағы өрт: тексерушілердің көлігі құжатпен бірге қалай жанып кеткен
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Семей орманындағы өрттен кейін әлеуметтік желіде жанып кеткен джиптің видеосы тарады. Sputnik Қазақстан тілшісі осы оқиғаға... 29.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-29T14:49+0500
2023-06-29T14:49+0500
2023-06-29T14:49+0500
абай облысы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0d/35886074_0:21:1280:741_1920x0_80_0_0_d55971d1bfce74fc5f5118e5412ce835.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Семей орманындағы өрттен кейін әлеуметтік желіде жанып кеткен джиптің видеосы тарады. Sputnik Қазақстан тілшісі осы оқиғаға қатысты ресми ақпарат алды.Видеода "Семей орманының" былығын тапқан тексерушілердің көлігін түнгі сағат 3-те қасақана өртеген екен" деген жазу бар. Автордың айтуынша, көлікте құжат болған.Sputnik Қазақстан Абай облысының төтенше жағдайлар департаментіне ресми сауал жолдап, осы оқиғаға қатысты ақпарат алды. Оған сәйкес, "Toyota Land Cruiser 70" маркалы джип 1 маусым күні түнгі сағат 03:48 Семей қаласы, Латиф Хамиди көшесі, 2/1 мекенжайында өртенген."Автокөлік ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охот зоопром" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына тиесілі. Сондай-ақ, осы өрт фактісі бойынша Семей қаласы Затон ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 202-бабы, 2-тармақша 3-бөлімі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген ресми жауапта.Өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.Айта кетері, Семейде көрсетілген мекенжайда қонақ үй орналасқан. Джип соның тұрағында жанып кетті.Бұған дейін орман өртінде қаза тапқан орманшылардың туыстары да тексеріспен келген джиптің жанып кеткені туралы айтқан. Филиал директоры ондай джиптің бар екенін растады.
https://sputnik.kz/20230620/abay-oblysyndagy-ort-qaza-bolgan-ormanshylardyn-tuystary-zhanayqaylaryn-zhetkizdi-36167876.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0d/35886074_24:0:1161:853_1920x0_80_0_0_05ff5c51c12675313030af166d1a7862.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
абай облысы, өрт
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Семей орманындағы өрттен кейін әлеуметтік желіде жанып кеткен джиптің видеосы тарады.
Sputnik Қазақстан тілшісі осы оқиғаға қатысты ресми ақпарат алды.
Видеода "Семей орманының" былығын тапқан тексерушілердің көлігін түнгі сағат 3-те қасақана өртеген екен" деген жазу бар. Автордың айтуынша, көлікте құжат болған.
"Көлігімізді өрттеп жібергеніне қарағанда біз дұрыс жолдамыз. Біз ешкім кірмесін, құжат алмасын деп, әдейі кабинетте құжаттарды де қалдырмаймыз ғой. Міне, біздің құжаттарымыз, бірдеңесі қалды, жанып кеткені де бар", - дейді ол.
Sputnik Қазақстан Абай облысының төтенше жағдайлар департаментіне ресми сауал жолдап, осы оқиғаға қатысты ақпарат алды. Оған сәйкес, "Toyota Land Cruiser 70" маркалы джип 1 маусым күні түнгі сағат 03:48 Семей қаласы, Латиф Хамиди көшесі, 2/1 мекенжайында өртенген.
"Автокөлік ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охот зоопром" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына тиесілі. Сондай-ақ, осы өрт фактісі бойынша Семей қаласы Затон ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 202-бабы, 2-тармақша 3-бөлімі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген ресми жауапта.
Өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Айта кетері, Семейде көрсетілген мекенжайда қонақ үй орналасқан. Джип соның тұрағында жанып кетті.
Бұған дейін орман өртінде қаза тапқан орманшылардың туыстары да тексеріспен келген джиптің жанып кеткені туралы айтқан. Филиал директоры ондай джиптің бар екенін растады.