АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Каспий теңізінің жағасынан екі өлі итбалық табылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Қазақстанның экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Жергілікті балық инспекциясы басқармасының, экология департаментінің, ветеринария қызметінің және "Қазгидромет" қызметкерлері итбалықтар табылды деген аумаққа аттанды.
"Болжамды жерден итбалықтардың өлексесі табылмады, ол бойынша тиісті акт жасалды", - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
Облыстық балық инспекциясы басқармасының инспекторлары Каспий жағалауын тексеруді жалғастырып жатыр.