Өңірлер

Каспий жағалауында қырылған итбалық пен бекіре табылды

© "Актау-Лада" / управление рыбной инспекции по Мангистауской областиКаспий жағалауында қырылған итбалық пен бекіре табылды
Каспий жағалауында қырылған итбалық пен бекіре табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Жазылу
Оқиғаның себебін анықтау үшін жергілікті билік экологтармен бірлесіп жұмыс тобын құрды
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Маңғыстаудағы Форт-Шевченко теңіз портының аумағындағы жағалаудан 60-тан астам итбалық пен бірнеше бекіре тұқымдас балық өлексесі табылды, деп хабарлады "Лада" басылымы.
Мамандар қырылып қалған итбалық саны 64, ал балық бесеу екенін анықтады. Олар Урдюк мүйісінен Баутино шығанағына дейінгі жағалауға шығарылған. Оқиғаның себебін анықтау үшін жергілікті билік экологтармен бірлесіп жұмыс тобын құрды.
"Итбалық пен бекіре өлексесінің жағалауға шығарылуы оңтүстік-батыстан соққан жойқын жел салдарынан туындап отыр. Олар әбден сасып, шіри бастаған. Зертханалық сараптама жүргізу үшін тіндерінің сынамалары алынып, мұздатқыш камераға қойылды. Сонымен қатар су мен ауа сынамасы алынды", - деді Маңғыстау облысы балық инспекциясының басқармасында.
Сәуірде Маңғыстауда осы секілді жағдай болды – ол кезде жағалаудан қырылып қалған жүзге жуық итбалық табылды. Экологтар олар қыста қырылған деген болжам жасады.
 архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2022
Өңірлер
Атырау облысында жарты тоннадан астам өлі балық ауланды
Жаңалықтар
0