Өңірлер

Атырау облысында жарты тоннадан астам өлі балық ауланды

© Sputnik / Елена Бережная архив
 архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2022
Жазылу
Балықтардың қырылуына өзендегі су деңгейінің төмендеуі себеп болған
НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Атырау облысында өзеннен жарты тоннадан астам өлі балық ауланды, деп хабарлады жергілікті Мой город басылымы.
Тек Жалмағамбет өзенінен 507 келі өлі балық табылған. Тағы 65 килограмм балық Безымянный өзенінен ауланды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахияновтың айтуынша, балықтардың қырылуына өзендегі су деңгейінің төмендеуі себеп болған.
Соңғы мәліметтер бойынша 572 кг өлі балық ауланды. Өлі балықтарды анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Қазіргі күні Орал-Каспий бассейіні инспекциясының 40 қызметкері мен Алға ауылының сегіз жұмысшысы жұмылдырылған.
Жаңалықтар
0