Каспий жағалауындағы итбалықтардың өлекселері туралы ақпарат жалған

© PhotoКраснокнижный каспийский тюлень спасен в Актау
Краснокнижный каспийский тюлень спасен в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Каспий теңізінің жағасынан екі өлі итбалық табылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Қазақстанның экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Жергілікті балық инспекциясы басқармасының, экология департаментінің, ветеринария қызметінің және "Қазгидромет" қызметкерлері итбалықтар табылды деген аумаққа аттанды.
"Болжамды жерден итбалықтардың өлексесі табылмады, ол бойынша тиісті акт жасалды", - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
Облыстық балық инспекциясы басқармасының инспекторлары Каспий жағалауын тексеруді жалғастырып жатыр.
Каспий жағалауында қырылған итбалық пен бекіре табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Өңірлер
Каспий жағалауында қырылған итбалық пен бекіре табылды
Жаңалықтар
0