Петропавлдағы тұрғын үйдің жертөлесінен 100 келіден астам марихуана табылды

Sputnik
ПЕТРОПАВЛ, 29 маусым – Sputnik. Петропавлда жекеменшік тұрғын үйдің жертөлесінен бір центнерден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті ретінде Петропавл қаласының 36 және 48 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардың біреуінің Гоголь көшесіндегі үйінің жертөлесінен полицейлер 4 қап өсімдік тектес зат тәркіледі.
Сараптамаға сәйкес бұл жалпы салмағы 113 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты. Аталған факт ҚР ҚК-нің 297-бабы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицияның айтуынша, бұл – облыста жыл басынан бері тәркіленген марихуананың екінші аса ірі партиясы.
"Теориялық тұрғыдан алғанда, тәркіленген салмақ Петропавлдың барлық тұрғындарын нашақорлыққа тарту үшін жеткілікті. Есірткі сатқаны үшін аса ірі мөлшерде 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.
Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды