https://sputnik.kz/20230627/aqtobede-esirtki-taratumen-aynalysqan-erli-zayypty-11-zhylga-sottaldy-36385432.html
Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды
Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 27 маусым – Sputnik. Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 27.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-27T21:48+0500
2023-06-27T21:48+0500
2023-06-27T21:48+0500
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АЛМАТЫ, 27 маусым – Sputnik. Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Өткен жылдың соңында Ақтөбе облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласында 27 жастағы әйел мен 40 жастағы ер азаматты ұстады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ерлі-зайыптылардың екеуі де есірткілік мас күйде болған. Оларды жеке тінту, тұрғылықты жерін және есірткі қойған жерлерін тінту барысында жалпы салмағы 1,5 келіні құрайтын синтетикалық психотроптық заттар тәркіленді. Бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2023 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ерлі-зайыптылар сату мақсатында аса ірі көлемде психотроптық заттарды сақтағаны мен тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы
Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды
АЛМАТЫ, 27 маусым – Sputnik. Ақтөбеде есірткі таратумен айналысқан ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Өткен жылдың соңында Ақтөбе облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласында 27 жастағы әйел мен 40 жастағы ер азаматты ұстады.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ерлі-зайыптылардың екеуі де есірткілік мас күйде болған. Оларды жеке тінту, тұрғылықты жерін және есірткі қойған жерлерін тінту барысында жалпы салмағы 1,5 келіні құрайтын синтетикалық психотроптық заттар тәркіленді.
Бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2023 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ерлі-зайыптылар сату мақсатында аса ірі көлемде психотроптық заттарды сақтағаны мен тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.