https://sputnik.kz/20230629/-petropavldagy-turgyn-uydin-zhertolesinen-100-keliden-astam-marikhuana-tabyldy--36436772.html
Петропавлдағы тұрғын үйдің жертөлесінен 100 келіден астам марихуана табылды
Петропавлдағы тұрғын үйдің жертөлесінен 100 келіден астам марихуана табылды
Sputnik Қазақстан
ПЕТРОПАВЛ, 29 маусым – Sputnik. Петропавлда жекеменшік тұрғын үйдің жертөлесінен бір центнерден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz. 29.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-29T21:53+0500
2023-06-29T21:53+0500
2023-06-29T21:53+0500
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1d/36429355_0:96:1024:672_1920x0_80_0_0_48eceecfba3bc06a2b8e545c8bb7217e.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 29 маусым – Sputnik. Петропавлда жекеменшік тұрғын үйдің жертөлесінен бір центнерден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.Күдікті ретінде Петропавл қаласының 36 және 48 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардың біреуінің Гоголь көшесіндегі үйінің жертөлесінен полицейлер 4 қап өсімдік тектес зат тәркіледі.Сараптамаға сәйкес бұл жалпы салмағы 113 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты. Аталған факт ҚР ҚК-нің 297-бабы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Полицияның айтуынша, бұл – облыста жыл басынан бері тәркіленген марихуананың екінші аса ірі партиясы."Теориялық тұрғыдан алғанда, тәркіленген салмақ Петропавлдың барлық тұрғындарын нашақорлыққа тарту үшін жеткілікті. Есірткі сатқаны үшін аса ірі мөлшерде 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.
https://sputnik.kz/20230627/aqtobede-esirtki-taratumen-aynalysqan-erli-zayypty-11-zhylga-sottaldy-36385432.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1d/36429355_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_832de5d4c3e81dd80ce1d32125d5d134.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы
солтүстік қазақстан облысы
Петропавлдағы тұрғын үйдің жертөлесінен 100 келіден астам марихуана табылды
ПЕТРОПАВЛ, 29 маусым – Sputnik. Петропавлда жекеменшік тұрғын үйдің жертөлесінен бір центнерден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Күдікті ретінде Петропавл қаласының 36 және 48 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардың біреуінің Гоголь көшесіндегі үйінің жертөлесінен полицейлер 4 қап өсімдік тектес зат тәркіледі.
Сараптамаға сәйкес бұл жалпы салмағы 113 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты. Аталған факт ҚР ҚК-нің 297-бабы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицияның айтуынша, бұл – облыста жыл басынан бері тәркіленген марихуананың екінші аса ірі партиясы.
"Теориялық тұрғыдан алғанда, тәркіленген салмақ Петропавлдың барлық тұрғындарын нашақорлыққа тарту үшін жеткілікті. Есірткі сатқаны үшін аса ірі мөлшерде 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.