АЛМАТЫ, 28 маусым – Sputnik. Түркістан облысы Кентау қаласында 58 адам астан уланды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға 27 маусымда болған.
"Кентау қаласында "тағамнан улану" диагнозымен 58 науқас тіркелді. Кентау қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде 39 адам ем алып жатыр", - дейді ведомство.
19 адам амбулаториялық ем алып жатыр. Ауруханада жатқандардың 21-і 14 жасқа толмаған бала, ал ересектер саны – 18, оның екеуі жүкті әйел.