Кентауда 58 адам астан уланды

© Sputnik / Абзал КалиевДәрітамызғыш
Дәрітамызғыш - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 28 маусым – Sputnik. Түркістан облысы Кентау қаласында 58 адам астан уланды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға 27 маусымда болған.
"Кентау қаласында "тағамнан улану" диагнозымен 58 науқас тіркелді. Кентау қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде 39 адам ем алып жатыр", - дейді ведомство.
19 адам амбулаториялық ем алып жатыр. Ауруханада жатқандардың 21-і 14 жасқа толмаған бала, ал ересектер саны – 18, оның екеуі жүкті әйел.
Қарбыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2023
Қызылорда облысында 21 адам қарбыздан уланып қалды
Жаңалықтар
0