АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Оралда ер адам жаңадан танысқан қызға қарақшылық шабуыл жасаған. Ол жаңа танысын пышақпен қорқытып, жеке заттарын тартып алған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 15 маусым күні түнгі сағат 01:00 уақыт шамасында болды.
Анықталғандай 28 жастағы азамат пен 29 жастағы бикеш екеуі таныстық сайты арқылы танысқан. Екеуі кездескен уақытта күдікті жәбірленушіні пышақпен қорқытып, дене жарақатын келтірген.
Бикештің қолдарын скотчпен байлап, оған тиесілі телефонымен мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні қолға түсірді.
Аталған 28 жастағы Ж. есімді азамат соттың санкциясы бойынша қамауға алынды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.