https://sputnik.kz/20230619/oralda-er-adam-sayt-arqyly-tanysqan-qyzdyn-aqshasyn-tartyp-alyp-shabuyl-zhasagan--36114327.html
Оралда ер адам сайт арқылы танысқан қыздың ақшасын тартып алып, шабуыл жасаған
Оралда ер адам сайт арқылы танысқан қыздың ақшасын тартып алып, шабуыл жасаған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Оралда ер адам жаңадан танысқан қызға қарақшылық шабуыл жасаған. Ол жаңа танысын пышақпен қорқытып, жеке заттарын тартып алған... 19.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-19T15:08+0500
2023-06-19T15:08+0500
2023-06-19T15:08+0500
оқиға
қарақшылық
қарақшылық шабуыл
орал
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602456_5:0:2000:1122_1920x0_80_0_0_b616a04b3e6a06829aeb6a15220dbcd8.jpg
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Оралда ер адам жаңадан танысқан қызға қарақшылық шабуыл жасаған. Ол жаңа танысын пышақпен қорқытып, жеке заттарын тартып алған, деп хабарлайды Polisia.kz.Оқиға 15 маусым күні түнгі сағат 01:00 уақыт шамасында болды.Анықталғандай 28 жастағы азамат пен 29 жастағы бикеш екеуі таныстық сайты арқылы танысқан. Екеуі кездескен уақытта күдікті жәбірленушіні пышақпен қорқытып, дене жарақатын келтірген.Бикештің қолдарын скотчпен байлап, оған тиесілі телефонымен мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні қолға түсірді.Аталған 28 жастағы Ж. есімді азамат соттың санкциясы бойынша қамауға алынды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20230424/turkistan-oblysy-qaraqshylyq-shabuyl-34225332.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602456_426:0:1922:1122_1920x0_80_0_0_8317868ba4dc6a7f0b64c0ef4a74d12c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарақшылық, қарақшылық шабуыл, орал
қарақшылық, қарақшылық шабуыл, орал
Оралда ер адам сайт арқылы танысқан қыздың ақшасын тартып алып, шабуыл жасаған
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Оралда ер адам жаңадан танысқан қызға қарақшылық шабуыл жасаған. Ол жаңа танысын пышақпен қорқытып, жеке заттарын тартып алған, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Оқиға 15 маусым күні түнгі сағат 01:00 уақыт шамасында болды.
Анықталғандай 28 жастағы азамат пен 29 жастағы бикеш екеуі таныстық сайты арқылы танысқан. Екеуі кездескен уақытта күдікті жәбірленушіні пышақпен қорқытып, дене жарақатын келтірген.
Бикештің қолдарын скотчпен байлап, оған тиесілі телефонымен мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні қолға түсірді.
Аталған 28 жастағы Ж. есімді азамат соттың санкциясы бойынша қамауға алынды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.