Өңірлер

Әйелдің қол-аяғын байлап тастаған: Түркістан облысында қарақшылық шабуыл жасалды

© AFP 2024 / MARIA ANTONOVAАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері қарақшылық шабуыл жасаған күдікті мен оның сыбайласын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға наурыз айында Келес ауданында болды.
Полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, күндіз оның үйіне белгісіз біреу кіріп, әйеліне күш көрсетіп, қол-аяғын байлап, жатын бөлмеден 2 млн теңге ұрлап кеткен.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркелді.
Шұғыл-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғынын ұстады. Күдікті қылмысын толық мойындады. Одан әрі іздестіру кезінде күдіктінің сыбайласы – Келес ауданының тұрғыны тұтқындалды.
Қазір қарақшылық шабуыл бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Күдіктілер қамауға алынды. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2023
Өңірлер
Тараз – Қаратау тас жолында қарақшылық шабуыл жасалды
Жаңалықтар
0