Елорда тынысы

Дәрігерлер астаналықтарға көшеге шықпауға кеңес берді

Sputnik
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Дәрігерлер астаналықтарға көшеге шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.
Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр.
“Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге кеңес береді. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер 15 гектар аумаққа жайылған өртті сөндіріп жатыр. Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.
Астананы көк түтін тұмшалады: қала іргесінде қамыс өртеніп жатыр