Өңірлер

Президент Абай облысында аяқасты жол жөндегендер туралы: мүлдем масқара жағдай

Sputnik
АЛМАТЫ, 11 маусым - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына баруына орай жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты пікір білдірді.
"Мен келеді деп аяқастынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады", - дейді Тоқаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына барып, өрттен қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелерімен кездесті.
Мемлекет басшысы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты. Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылды.
10 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты. Оның орнына Сырым Шәріпхановты тағайындады.
Мемлекет басшысы дүйсенбі, 12 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні болатынын айтты.
Еске салсақ, Абай облысында орман өртінен орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.
Оқиға
Тиісті органдар апат ауқымы бойынша қате болжам жасаған - Тоқаев