Астана тұрғыны Аманқарағай вокзалында шу шығарды – бұзақы екі аптаға қамалды

Sputnik
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Қостанай облысындағы Аманқарағай теміржол вокзалында сүймен сермеген астаналық 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Қостанай станциясындағы желілік полиция бөліміне Аманқарағай станциясында белгісіз ер адам өрт қалқанынан темір сүйменді алып, вокзал ішінде жүргені туралы хабар түскен. Онымен қоймай, балағат сөздер айтып, сүйменмен қабырғаны ұрмақ болған.
Полицейлер масаң күйде жүрген Астана қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Әкімішілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы, 2-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және 440-бабының 3-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша жауапқа тартылды.
Айта кетері, ер адам бұған дейін жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Сол себепті сот шешімімен 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.
Өңірлер
Қарағандыда ер адам эскалаторда тұрған бейтаныс жігітті теуіп жіберді - видео