https://sputnik.kz/20230527/astana-turgyny-amanqaragay-vokzalynda-shu-shygardy--buzaqy-eki-aptaga-qamaldy-35345764.html
Астана тұрғыны Аманқарағай вокзалында шу шығарды – бұзақы екі аптаға қамалды
Астана тұрғыны Аманқарағай вокзалында шу шығарды – бұзақы екі аптаға қамалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Қостанай облысындағы Аманқарағай теміржол вокзалында сүймен сермеген астаналық 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik... 27.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-27T15:21+0500
2023-05-27T15:21+0500
2023-05-27T15:21+0500
ұсақ бұзақылық
https://sputnik.kz/img/193/72/1937246_0:223:3351:2108_1920x0_80_0_0_94ca3f5c898ad4ed2d8c551ff4f052f4.jpg
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Қостанай облысындағы Аманқарағай теміржол вокзалында сүймен сермеген астаналық 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Қостанай станциясындағы желілік полиция бөліміне Аманқарағай станциясында белгісіз ер адам өрт қалқанынан темір сүйменді алып, вокзал ішінде жүргені туралы хабар түскен. Онымен қоймай, балағат сөздер айтып, сүйменмен қабырғаны ұрмақ болған.Полицейлер масаң күйде жүрген Астана қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Әкімішілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы, 2-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және 440-бабының 3-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша жауапқа тартылды.Айта кетері, ер адам бұған дейін жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Сол себепті сот шешімімен 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20230418/qaragandy-er-adam-eskalatorda-video-34036123.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/193/72/1937246_122:0:3230:2331_1920x0_80_0_0_e4525bda7263bffa148fc7369461be7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұсақ бұзақылық
Астана тұрғыны Аманқарағай вокзалында шу шығарды – бұзақы екі аптаға қамалды
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Қостанай облысындағы Аманқарағай теміржол вокзалында сүймен сермеген астаналық 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына
сілтеме жасап.
Қостанай станциясындағы желілік полиция бөліміне Аманқарағай станциясында белгісіз ер адам өрт қалқанынан темір сүйменді алып, вокзал ішінде жүргені туралы хабар түскен. Онымен қоймай, балағат сөздер айтып, сүйменмен қабырғаны ұрмақ болған.
Полицейлер масаң күйде жүрген Астана қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Әкімішілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы, 2-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және 440-бабының 3-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша жауапқа тартылды.
Айта кетері, ер адам бұған дейін жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Сол себепті сот шешімімен 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.